Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілін оқыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған әлеммен танысу бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет элементтері арқылы жүзеге асырылады."Тілге бойлау" бағдарламасы аясында "Қонжық" тобында "Менің отбасым" тақырыбында ұйымдастырылғын іс-әрекет өткізілді. Тәрбиеленушілерде отбасы, туыстық қатынастар және жақын адамдарға құрметпен қарау туралы түсініктерді қалыптастыруға, сондай-ақ қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты дамытуға бағытталған. Балалар күн сайын "ана", "әке", "ата", "әже", "аға", "апа", "іні" туыстық байланыстарын білдіретін сөздерді қолданады. Лексикалық материал ойын жаттығулары, әңгімелесу, сөздерді қайталау, иллюстрацияларды қарау және қарапайым сөйлемдер құрастыру арқылы бекітіледі. Тәрбиеленушілер өз отбасылары туралы қызығушылықпен айтып, отбасы мүшелерін қазақ тілінде атады, педагогтың сұрақтарына жауап берді және шығармашылық тапсырманы орындады, өз отбасыларын бояды. Ұйымдастырылған іс-әрекет сөйлеу дағдыларын дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге, ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, сондай-ақ мемлекеттік тілге оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті. ҰІӘ мейірімді атмосферада өтті, балалар белсенділік, қызығушылық және эмоционалды жауап көрсетті.