«Аталар мектебі» жұмысының аясында педагог-психолог Д.Б.Искаковадан «Аталарға арналған жадынама: немерелермен жылы қарым-қатынасты қалай сақтауға және нығайтуға болады» ұсынылады. Бұл жадынама немерелерімен берік, сенімді және жылы қарым-қатынас орнатқысы келетін аталарға арналған. Онда қарапайым, бірақ маңызды ұсыныстар бар: жақын болу, тыңдау, тәжірибе алмасу, жаңа нәрселерді үйрету, баланың өміріне қатысу және оның даралығын құрметтеу. Мұндай кеңестер аталарға тәлімгер ғана емес, немерелеріне жақын дос болуға көмектеседі. Ересектердің жылуы, назары және қатысуы бақытты балалық шақтың негізі болып табылады.











