Инновациялық алаңды іске асыру шеңберінде «Ортаңғы, ересек және мектепалды мектепке дейінгі жастағы балаларды экологиялық бағыттағы кәсіптермен таныстыру процесінде жүйелі-белсенді тәсіл арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру», сондай-ақ, тіл және тілдік ортаны дамытуға бағытталған «Тілге бойлау» жобасы аясында, «Аққу» тобында «адамдардың өміріндегі судың маңызы»презентациясын пайдалана отырып, танымдық әңгіме өтті. Балалар сөздік қорын кеңейтті, судың адамға, табиғатқа және барлық тіршілік иелеріне маңыздылығын талқылай отырып, өз ойларын дұрыс жеткізуді үйренді. Балалар алған білімдерін сумен қызықты эксперименттер жүргізу арқылы іс жүзінде бекітті.









